Белгіленбеген уақытта алкоголь өнімін сатқаны үшін айыппұл тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында азамат Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азық-түлік дүкенінінің сатушысы азамат Б. сағат 23:10 шамасында бір дана «Белый Медведь» алкоголь өнімін сатқан.

Сот отырысы барысында ол өз кінәсін мойындап, келешекте бүұдай құқықбұзушылықты қайталамауға міндеттенді.

Сот қаулысымен Б. ҚазақстанРеспубликасының ӘҚБтК 200-бабының 3-бөлігімен (этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21:00-ден келесі күнгі сағат 12:00-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткізу)  кінәлі деп танылып, оған 22 690 теңге әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалды.

Қайнар: 
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі