Бойжеткен темекі қалдығын лақтырып кеткен

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен құқықбұзушы Р.Л.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Құқықбұзушы Р.Л. 2016 жылдың шілде айында Махамбет ауданы, Береке ауылы көшесі бойына өзінің шегіп тұрған темекі қалдығын лақтырып, ортақ пайдаланатын орындарды ластап, ұсақ бұзақылық әрекеттерін жасаған.

Сот, істің мән-жайларын зерттеп, Р.Л.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 21 210 әкімшілік айыппұл салды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі