Бұрын сотталған қайталап қылмыс жасады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұрын екі рет тонау мен қарақшылық жасағаны үшін сотталған Атырау қаласының тұрғыны Б. көшеде өзінің жолдастарымен келе жатып, сауда үйінің жанында бір азаматты кездестіріп, одан темекі сұраған. Соңғысы оларға темекі ұсынған. Жігіттер арасында әңгіме өрбіп, Б. таныс емес азаматтан ақша талап еткен. Аңғал азамат өзінің қалтасында 10 000 теңге ақшасы барын айтқан. Бұны естіген жолдастар оны қоршап алып, жәбірленушінің қалтасындағы бар ақшасын тартып алған. Артынша оқиға болған жерден бой тасалап, қашып кеткен.

Нәтижесінде жәбірленушіге 10 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірілді. 

Атырау қаласының №2 сотының үкімімен Б.С. кінәлі деп танылып, бұрынғы тағайындалған жазаны ішінара сіңіру жолымен түпкілікті 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмысқа қатысушы өзге тұлғаларға қатысты іс бөлектетілген өндірісте жүргізілуде.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі