Бұрынғы прокурор Л.Смадьяроваға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылғы 16 наурызда Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталушы Л.Смадьярова және оның қорғаушыларының апелляциялық шағымдарын қарап, бірінші саты сотының үкімін өзгеріссіз, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды.

Еске сала кетелік, 2017 жылғы 10 ақпанда Атырау қаласының №2 соты прокуратураның бұрынғы қызметкері Лейла Смадьярованы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366 бабымен (пара алу) кінәлі деп танып, оны жеті жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Алайда, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық заңын қолдану арқылы жаза мерзімі қысқартылды. Түпкілікті өтеу үшін 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.

Сондай-ақ, сот оның дүние мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмірбақи айырды.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі