Дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жеке кәсіпкер Э.Айнетованың «Geo Exploring Services» ЖШС-нен 3 620 000 теңге қарызды өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық істі қарау барысында талап қоюшы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жасақталған келісімді ұсынды. Келісім шарттары бойынша «Geo Exploring Services» ЖШС-гі жеке кәсіпкер Э.Айтеноваға 2016 жылдың 15 желтоқсанынан дейін 3 620 000 теңге қарызды төлеуге міндеттенді, талап қоюшы талап арызынан бас тартты.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен шешу жөнінде келісім бекітілді, азаматтық іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі