Экономикалық сот ЖШС-тің жерді пайдалану құқығын қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сүйіндік асыл тұқымды қой заводы» ЖШС-нің жауапкерлер «Құрманғазы ауданы жер қатынастары бөлімі» ММ-не, Г.Диярова шаруа қожалығына, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КАҚ-на 2014 жылғы №55 жалдау шартын жарамсыз деп тану, 2014 жылғы 15 сәуірдегі уақытша жер пайдалануға құқық беретін актісін жарамсыз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сай, Құрманғазы ауданы әкімиятының 2008 жылғы 11 қарашадағы №318 қаулысы негізінде ұзақ уақыт пайдалануға «Сүйіндік асыл тұқымды қой заводы» ЖШС-не Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Сүйіндік селосында орналасқан 154 000 гектар құрайтын жер 49 жыл мерзімге берілген. Кейіннен берілген жер телімінен 200 гектар жері Құрманғазы ауданы әкімиятының 2014 жылғы №59 қаулысымен 10 жыл мерзімге Г.Диярова шаруа қожалығына беріліп, 2014 жылғы 24 қаңтарда жалдау шарты жасақталып, 2014 жылғы 15 сәуірде уақытша пайдалануға құқық беретін акт берілгені анықталған.

Сотпен Г.Диярова шаруа қожалығына жер беру туралы Құрманғазы ауданы әкімиятының 2014 жылғы №59 қаулысы, жер заңнамасында көзделген кезектілік процедурасы бұзыла отырып берілгені анықталды.

Сот шешімімен «Сүйіндік асыл тұқымды қой заводы» ЖШС-нің талабы қанағаттандырылып, «Құрманғазы ауданы жер қатынастары бөлімі» ММ-мен Г.Диярова шаруа қожалығы арасында 2014 жылғы 24 қаңтарда жасақталған жалдау шарты, 2014 жылғы 15 сәуірдегі Г.Диярова шаруа қаожалығына уақытша пайдалануға құқық беретін актісі жарамсыз деп танылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі