Электр лампаларды сатпай, тек оларды қолдану әкімшілік жауапкершілікті көздемейді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 294-бабының 1-бөлігімен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не қатысты әкімішілік іс қаралып, әкімшілік іс әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты қысқартылды.

Сотта анықталғандай, "АМӨЗ" ЖШС-гі өз цехтарында қыздыру қуаты 150 вт. электр шамдарын пайдаланды, алайда оларды сатумен айналыспаған.

Сот қаулысымен «АМӨЗ» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі