Ерекше іс жүргізудің өзекті мәселелері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотында «Ерекше іс жүргізудің өзекті мәселелері»  тақырыбында  дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты ерекше іс жүргізу санатындағы істерді қарау барысында туындайтын мәселелерді талқылау және сот төрелігін сапалы жүзеге асыру.

Аталған дөңгелек үстелге Атырау облыстық сотының және қалалық сотының судьялары, Атырау қалалық прокурорының, Атырау облысының Ішкі істер департаментінің, облыстық наркология диспансерінің, Атырау облысының туберкулезге қарсы күрес диспансерінің, Атырау облысы психиатриалық жүйке-тамырлар ауруханасының диспансерінің өкілдері қатысты.

Іс-шараны қалалық соттың төрағасы  А.Н.Ерманов ашып, ерекше іс жүргізу санатындағы азаматтық істерді қарау ерекшеліктерін және заң нормаларының дұрыс әрі біркелкі сақталуын қамтамасыз ету маңыздылығын атап өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші тақырыпта сөз алған Атырау қалалық сотының судьясы Э.М.Дощанова азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп  жатқызу және алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық  ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу, туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып   жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы іс жүргізудің және Қазақстан Республикасының 18.09.2009 жылғы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Заңының талаптарын баяндап, дөңгелек үстелге қатысушыларға сотқа арыздар үлгілерін рәсімдеу шарттарын атап өтті. 

«Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен, туберкулезбен ауыратын науқасты мәжбүрлеп емдеуге жіберу» тақырыбында  сөз алған қалалық соттың судьясы Ж.Х.Жумалиева тақырыпты кеңінен ашып, тәжірибе барысында орын алған кемшіліктерге тоқталып, бірлесе  шешуді ұсынды.

Келесі тақырыпта Атырау қалалық прокурорының орынбасары Д.Бағытжанов ерекше іс жүргізу санатындағы азаматтық істер бойынша қадағалау жұмыстарын баяндап, тәжірибе барысында орын алған кемшіліктерге тоқталды.

Ерекше іс жүргізудің бір түрі шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арыз бойынша іс жүргізу тәжірибесі тақырыбында сөз алған Атырау қалалық сотының төрағасы А.Н.Ерманов тақырыпты кеңінен ашып, заң нормаларын қолдану мәселелерін баяндады.

Келесі тақырыпта Атырау облысы Ішкі Істер көші-қон полиция басқармасының бастығының орынбасары Б.К.Доскалиев шетелдікті Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы іс жүргізу  кезінде туындайтын  мәселелерді баяндап, өзекті мәселелердің шешілу жолдары  қарастырылды.  

Сонымен қатар, Атырау қалалық сотының төрағасы А.Н.Ерманов мемлекеттік органдармен электронды түрде құжат алмасу қажет екенін ескертіп, электронды құжат айналым қағазсыз іс жүргізу технологиясы мен  уақыт үнемдеуде себебін тигізерін атап өтті.  

Іс-шара соңында қатысушылар туындаған сұрақтар бойынша пікір алмасып, сот төрелігін сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстардың  шешілу жолдары кеңінен талқыланды.

Қайнар: 
Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі