Ерлі-зайыптылар медиация көмегімен татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жекеше айыптаушы-жәбірленуші К. Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотына  жазған жекеше айыптау шағымында өзінің жұбайы А. 2017 жылдың наурыз айында Құрманғазы ауданы, Ақкөл ауылында орналасқан үйінде өзін себепсіз ұрып, жарақаттар салғанын көрсетіп, оған Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108-бабымен шара қолдануды сұраған.

Сот отырысында жәбірленуші К. жұбайымен медиация арқылы татуласып, жұбайына кешірім беретінін көрсетіп, қылмыстық істі қысқартуды сұрады.

Сот тараптардың медиация арқылы татуласып отырғандарын ескеріп, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық істі тоқтатып, оны қылмыстық жауаптылықтан босатты.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі