Ерлі зайыптылар ымыраға келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК 73-1-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық денсаулыққа қаса қана жеңіл залал келтіргені үшін  А., қатысты әкімшілік іс қаралды.

2017 жылғы 12 шілдеде  А., алкогольдік масаң күйде үйінде жолдасы Б. -ны ұрып соғып, оның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіріп, өз әрекетімен ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысымен ӘҚБтК 73-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес қозғалған әкімшілік іс өндірісі жәбірленуші Б.,-нің әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғамен татуласуына байланысты тоқтатылды.

Қайнар: 
Атырау облысының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі