Есірткі сақтаған ауыл тұрғыны үш жыл алты ай мерзімге сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 4 бөлігімен сотталушы С.К.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотталушы С.К. және оның қорғаушысының процестік келісім жасау туралы өтінішхаты  Махамбет аудандық  прокурорына жолданған.

Осы мәселені шешу барысында сотталушы С.К. және оның қорғаушысы тарапынан кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісімді жасауға ерікті түрде ниет білдірілуіне байланысты Махамбет аудандық прокурорымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 193-бабының 1-бөлігінің 19) тармағына сәйкес процестік келісімнің шарттары сақтала отырып, кінәні мойындау туралы процестік келісім жасақталған.

Аталған процестік келісім бойынша сотталушы С.К. 2016 жылғы 08 мамыр сағат 13:52 шамасында Атырау облысы Махамбет ауданы Алмалы ауылы Бейбітшілік көшесінің бойында Атырау облысы ішкі істер Департементінің қызметкерлерімен ұсталып, оның жеке басына тінту, тергеу амалын  жүргізу барысында қолында болған қара түсті полиэтилен пакетінің ішінде болған көк түсті полиэтилен пакеттен 675 грамм болатын кептірілген марихуана есірткісі табылып алынған.Сондай-ақ, оның қолында болған екінші көк  түсті полиэтилен  пакеттің ішінен қара түсті полиэтилен пакеттен  200 грамм болатын  кептірілген марихуана есірткісі табылып алынған.     

Сонан соң, сол күні сағат 14.22-де С.К-тің жұмыс жасап жүрген Махамбет ауданы Алмалы селолық округінің 1-ші шаруа  қожалығының участкесінде тінту амалдары жүргізілген кезде,оның көрсетуі бойынша оның жұмыс жасайтын қора ішінен өткізу мақсатынсыз сақтап жүрген,салмағы 580 грамм болатын кептірілген марихуана есірткі заты табылып алынған.

С.К.-дан  алынған  өткізу мақсатынсыз сақтап жүрген кептірілген марихуана есірткі заттың  жалпы салмағы 1455 грамды құраған.

Сот С.К.-ны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленген.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Атырау облысының Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі