Гендерлік саясат мәселесі аудан деңгейінде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Индер аудандық  сотында  «Қазақстандағы гендерлік саясат» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Шараға сот төрағасы Д.Тұхфатова,судья А.Құспанов,кеңсе мамандары,Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Тлепкалиева, аудандық ішкі істер бөлімінің полиция тобының инспекторы А.Мухамбеткалиева, аудандық жергілікті полиция бөлімінің инспекторы Б.Кубашевалар қатысты.

Кездесуде баяндамашы аға сот приставы Г.Егизбаева қолданыстағы отбасы институты  мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында тек әлеуметтік қорғау объектісі ретінде қаралатындығын,сот жүйесінде  судьялар мен сот қызметкерлерінің жартысынан көп бөлігін нәзік жандылар құрайтығын атап өтті.

Индер аудандық ішкі істер бөлімінің полиция тобының өкілі А.Мухамбеткалиева баяндамасында жанұядағы тең құқықтар мен міндеттері туралы айтып өтті.

Шара соңында сот төрағасы еліміздің әйел азаматтары өмірдің барлық саласында тиімді жұмыс жасап жүргендігіне тоқталып,қатысушыларға денсаулық,жанұя бақыты тілегін білдірді.

Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі