«HyundaiAccent» автокөлігінің жүргізушісі автокөліктердің соқтығысуына жол берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен талап қоюшы С.Т.-ның жауапкер  С.У.-дан жоғарғы қауіптілік көзінен келтірілген материалдық залалды өндіру, сот және жол жүру шығыстарын, бағалау жүргізу үшін және өкілдік шығыстарды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы С.Т. өзінің сотқа берген арызында өзінің басқаруындағы «Лада-212140» маркалы автокөлігімен Атырау – Орал тас жолымен келе жатырған кезде, 228 км. жол тұсында жауапкер С.У.-дың «Hyundai Accent» маркалы автокөлігін басқарып, жол қозғалысы ережесінің талаптарын бұзып, автокөліктердің соқтығысуына жол бергенін көрсеткен.

Сот тараптардың түсініктерін тыңдап, істегі құжаттарды зерттеп, талап қоюшының арызын қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі