Индер аудандық соты Грузия елінің азаматына айыппұл салды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Индер аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517 бабының 4 бөлігімен құқықбұзушы Грузия Республикасының азаматы Ш.З.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Грузия Республикасының азаматы Ш.З. 2013 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасына келіп, уақытша 2013 жылғы 01 ақпанға дейін Орал қаласының ІІД миграциялық полициясына тіркеуге тұрған. Алайда, миграциялық кәртішкеде көрсетілген уақытта елден шығып кетпеген немесе уақытын создырмаған. 2016 жылдың мамыр айында Индер поселкесінің полиция қызметкерлерімен ұсталған. Индер АІІБ-мен Қазақстан Республикасы территориясынан миграциялық кәртішкеде көрсетілген мерзімде шығып кетуден жалтарғандығы үшін ӘҚБтК-нің 517 бабының 4 бөлігімен Ш.З.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Сот отырысында Ш.З. өз кінәсін толығымен мойындады.

Сот қаулысымен Ш.З. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517 бабының 4 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 31 815 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі