Индер аудандық сотында гендерлік саясат мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Индер аудандық сотында гендерлік саясат мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға кеңсе меңгерушісі Э.Тулепбергенова, Индер аудандық ІІБ-нің өкілі инспектор А.Сейтказиев, қоғамдық-саяси «Дендер» газетінің өкілі журналист С.Базарбаев, аудан әкімдігі жанындағы әйелдер және отбасы-демографиялық істері жөніндегі комиссия хатшысы Ж.Тілепқалиева және сот кеңсесінің мамандары қатысты.

Кеңсе меңгерушісі өз сөзінде гендерлік теңдік адам құқықтарын, әсіресе әйел адамдардың құқықтарымен байланыстырады және Біріккен Ұлттар Ұйымы,  бұл "мақсат,  әйел құқықтарымен еркін байланысты  және онда әйелдер ерлермен тең құқықтар мен мүмкіндіктерге жетпеуіне байланысты, олар ешқашан тұрақты даму  дәрежесіне  жете  алмайды»-деп, бекітеді. Мұндай жағдайда, гендерлік теңдіктің дамуы мен ілгерілеуі,  тікелей қоғаммен еліміздің әр түрлі салаларында тиісті түрде қабылдануы  тиіс, - деп атап көрсетті.

Іс-шараның соңында дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап алды.

Қайнар: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі