Индер аудандық сотында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Индер аудандық сотында сот жүйесіндегі жаңа мүмкіншіліктерді насихаттау және түсіндіру мақсатында «Сот кабинеті» сервисін қолдану – бүгінгі күннің талабы» тақырыбында семинар өтті.

Аталған шара Индер аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Э.Тулепбергенова және бас маман А.Байбосынованың Индер ауданының ХҚКО-на барып, азаматтарға «Сот кабинеті» сервисінің мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы түсіндіріп, оны қолдану тәртібін көрсету түрінде өткізілді.

Семинар барысында хаттар мен талап арыздарды сот органдарына «Сот кабинеті» сервисі арқылы жолдау қағаз түріндегі құжат айналымын қысқартып, сотқа жүгіну механизмін жеңілдетіп, сот өндірісін енгізуді жеделдетіп, азаматтардың уақыттарын үнемдейтіні айтылып өтті.

 Семинарға қатысушылар талап арыздар, электронды арыздарды жеделдетіп жолдауға қызығушылық білдіріп, кейбіреулері сервисті қолдану схамасы бойынша өздеріне жазба жазып алды.

Қайнар: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі