Индер аудандық сотында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Индер аудандық сотында электрондық құжаттарды «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы сотқа беру тәртібін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Шараға  аудандық сот судьялары, аудандық прокуратураның, Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Индер ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, Атырау облысы Индербор кенті әкім аппаратының өкілдері және сот кеңсесінің мамандары қатысты.

Семинар барысында сот төрағасы Д.Тұхфатова осы семинардың мақсаты «Сот кабинеті» ақпараттық қызметінің жұмысын ілгерілету болып табылатынын атап өтті. Ол Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми сайтында жүзеге асырылатынын және бұл инновациялар азаматтардың уақытын, тиімділігін, қолжетімділігін және сот жүйесінің ашықтығын сақтауға, сондай-ақ электронды кілттерді пайдалана отырып, электронды өзара іс-қимыл жасау жолымен жеңілдетуге бағытталған өтініштерді сотқа беру тетігін жеңілдетуге бағытталғанын атап өтті.

Сонымен қатар, шара барысында сот қызметкері А.Байбосынова «Сот кабинеті»  арқылы мемлекеттік органдардан  сотқа  өтініш жолдаған кездегі орын алатын қателіктерін айтып өтті.

Талқылау соңында семинарға қатысушылар осы қызметті пайдалануды жандандыру және насихаттау жөнінде қажетті шаралар туралы пікір алмасты.

Қайнар: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі