Индер аудандында сот, прокуратура және ІІБ өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Индер аудандық сотының төрағасы Д.Тухфатова, Индер аудандық ІІБ-нің бастығы И.Султанов,  аудан прокуроры А.Жумабеков өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасақтады.

Индер аудандық сотының төрағасы Д.Тұхфатова өз сөзінде Меморандумның негізгі мақсаты азаматтардың мүддесі үшін қылмыстық процесстің тиімділігін арттыруда ынтымақтастықты нығайту, қылмыстық процестің ашықтығын, жеделділігін, электрондық құжат айналымын арттыру болып табылатынын атап айтты.

Шара соңында тараптар тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасауға дайын екендіктерін білдіріп, Меморандум мақсаттарын жүзеге асыруда бір-біріне сәттіліктер тіледі.

Қайнар: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі