Исатай ауданында «Денсаулық сақтау» фестивалі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Исатай ауданының әкімдігінің ұйымдастыруымен Аққыстау селосында «Денсаулық сақтау» фестивалі өткізілді.

Исатай аудандық сотының судьялары мен мамандары, кеңсе меңгерушісі аталған фестивальдің өтуіне өз үлестерін қоса отырып, қашықтыққа жүгірді. Фестиваль барысында судья Е.Абдраманов «Қазақстан-Атырау» телеарнасының тілшісіне сұхбат берді.

Аталған іс-шараға Исатай ауданы бойынша мемлекеттік мекемелердің, құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, орта мектептердің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Қайнар: 
Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі