«Камаз» маркалы автокөлігінің мас жүргізушісі үйдің қоршауын құлатты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында жүк көлігінің мас жүргізушісіне қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы А.М. автокөлік құралын басқару үшін сәйкесінше санаты жоқ бола тұра, 2017 жылдың тамыз айында Тасшағыл селосында «КАМАЗ» автокөлігін масаң күйде басқарған. Сонымен қатар, ол бір үйдің ауласына кіріп кетіп, қоршауын құлатқан.

Сот отырысында құқықбұзушы өз кінәсін мойындады.

Сот қаулысымен А.М. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. 

 

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі