Қарыз өндіру жөніндегі азаматтық іс бойынша тараптар медиациялық келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Мақат аудандық сотына аудан тұрғыны азамат Ы.М. 500 000 теңге қарызды өндіру жөніндегі талабымен жүгініп, онда жауапкер А.С.-дан аталған соманы өндіріп беруді сұрады.

Сот отырысы барысында тараптар қарыз ақшаны өндіру туралы талап арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді. Келісім шарттары бойынша жауапкер талап қоюшы Ы.М.-ға 500 000 теңге қарыз ақшасын 2016 жылдың 22 қыркүйегіне дейін төлеуге міндеттенді.

Сот ұйғарымымен тараптардың медиациялық келісімі бекітіліп, азаматтық іс жүргізу тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облысы Мақат аудандық сотының баспасөз қызметі