«Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.      

 Шараға Махамбет ауданы прокурорының аға көмекшісі А.Буденова, Махамбет ауданының орталық кітапханасының ақпараттық-әдістемелік бөлімнің басшысы, Махамбет ауданы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы, Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының және Е.Ағелеуов атандағы орта мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

Шараны ашқан Махамбет аудандық сотының судьясы А.Ергазиева өткізіліп отырған шараның өзектілігі мен маңыздылығын айтып, қазіргі таңда қоғамдағы басты тақырыптың біріне айналып отырған тіл мәселесі туралы сөз алып мемлекеттік тілдің қызмет сапасы, ана тілімізде сөйлеу мәнері туралы, іс қағаздарының мемлекеттік тілде сауатты әзірленуі туралы сөз қозғады.

Шара барысында соттың бас маманы Э.Ниязова өз баяндамасында аудандық соттың тарапынан мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның мәртебесі мен маңызын арттыруға үнемі зор көңіл бөлінуде екендігі туралы айтып өтті.

Дөңгелек үстел аясында мемлекеттік тілдерде қаралатын істер санын арттыру және сапасын жақсарту, сонымен қатар мемлкеттік тілде құжаттарды сауатты жасақтау талқыланды.   

Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар бүгінгі кездесудің маңыздылығына тоқталып, тіл мәселесіне қатысты өз  ой-пікірлерін ортаға салды.

Дөңгелек үстел барысында қозғалған мәселелер және қабылданған ұсынымдар алдағы уақытта жұмыс барысында қолданылатыны ескерілді.

Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі