Әкесі қызына ай сайын алимент төлеуге міндеттенді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азаматша А.Тоқмұрзиева сотқа берген талап арызында жауапкер өзінің әкесі А.Токмурзиевтен 21 жасқа толғанша өзін асырау үшін алимент өндіріп алуды сұраған.

Сот отырысында тараптар арасында медиациялық келісім жасақталып, жауапкер талап қоюшыға оқу орынын бітіргенше ай сайын 25 000 теңге аударып отыруға міндеттенді. Қызы өзінің талап арызынан бас тартты.

Сот тараптардың келісімін заң талаптарына қайшы келмейді деп танып, келісімге келудің салдарын түсіндіріп, тараптардың медиациялық келісім шартын бекітіп, істі өндірістен тоқтатты.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.  

Қайнар: 
Атырау облысы Мақат аудандық сотының баспасөз қызметі