Әкесін балағаттап ескерту алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен А.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы А.А. 2016 жылдың маусым айында Махамбет ауылындағы үйіне келіп, алкогольдік масаң күйде, әкесі-жәбірленуші Т.Ә.-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, отбасы тыныштығын бұзған.

 Сот, құқықбұзушының кінәсін мойындауы мен өкінуін ескеріп, А.А-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған ескерту жасады.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі