Әкімшілік соттың судьясы радиода тікелей эфирге қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Б.Хасенова облыстық «Қазақстан-Атырау» 100.2.ҒМ радиосының тікелей эфиріне қатысты.

Эфир барысында судья Б.Хасенова балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 383-бабының 3 бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтып өтті.

2017 жылдың 9 ай ішінде балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапттылыққа 224 тұлға тартылған, оларға 9 083240 теңге жалпы мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, зат айғақтарын жоюмен жаза тағайындалған.

Әңгімелесу соңы спикер мен радио тыңдаушылар арасында пікір алмасумен жалғасты.

Қайнар: 
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі