Қоғамдық орында балағаттағаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 434 бабы 2 бөлігімен құқықбұзушы С.-қа қатысты (ұсақ бұзақылық) әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы С. 2016 жылдың ақпан айында алкогольдік ішімдік ішкен күйде Мақат поселкесінде орналасқан 80/5 үйдің подъезінде азаматша К.-ны себепсіз  балағаттап, ар-намысына тиетін сөздерді айтып, қорлап тиісіп, былапыт сөйлеп, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сотта құқықбұзушы өз кінәсін мойындап, алкогольдік ішімдік ішкен күйде азаматша К.-ны себепсіз балағаттап, ар-намысына тиетін сөздерді айтып, былапыт сөйлегенін көрсетті.

Сот қаулысымен С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.  

Қайнар: 
Атырау облысы Мақат аудандық сотының баспасөз қызметі