Қоғамдық орындағы мас әйел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Индер аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440- бабының 4- бөлігі бойынша  И.Б. қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісін қарады.

Құқық бұзушы И.Б. алкогольдік ішімдіктер iшкенi немесе қоғамдық орынға адамның қадiр-қасиетiне нұқсан келтіретіндей түрде келгені үшін  әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған тұлға бола тұра, 2016 жылдың 18 шілдеде сағат 02-20 шамасында Индербор кентінің Махамбет көшесі бойында алкогольдік ішімдік ішкен.

Сот отырысында  құқық бұзушы И.Б. өзіне тағылған кінәні мойындап, іс әрекетіне өкінді.

Сот қаулысымен И.Б. Қазақстан Республикасының ӘКБтК-нің  440- бабының 4- бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, жаза ретінде 2  тәулік мерзімге қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі