Қоғамдық тәртіпке зиян келтіру көптеген бұзақылықтарға тән нәрсе

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 257 бабының 1 бөлігінде көрсетілгендей бұзақылық деп яғни қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жою мен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық. Бұзақылық әр түрлі әрекеттермен жүзеге асады. Қоғамдық тәртіпке зиян келтіру көптеген бұзақылықтарға тән нәрсе, себебі қоғамдық тәртіп ұғымның мазмұны кең және көптеген қоғамдық қарым-қатынасты қамтиды, олардың әрқайсысы бұзақылықтың нысаны бола алады. Бұл жерде қоғамдық тәртіпке келтірілген зиянның мөлшері басқа да қоғамдық қатынастарға тигізілген залалдар арқылы көрсетіледі.Бұзақылыққа тән нәрсе, қоғамдық тәртіп бұл жерде негізі нысан ретінде, ал қоғамдық қатынасқа тигізілетін зиян мөлшері факультативті орын алады.  
Мақат аудандық сотымен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 257 бабының 1 бөлігінде көзделген қылмыс жасауда қылмыстық іс қаралды. Атап айтқанда,  азамат К.К, 2014 жылы ақпан қаңтар  26 күні сағат түнгі 23.00 шамасында, Мақат ауданына қарасты, Қарабатан елді мекеніндегі «Болашақ» зауыт құрылысы жүргізіліп жатырған  жерде орналасқан «Гате Иншаат Таахют Санайи ве Тиджарет»  Акционерлік Қоғамы мекемесінің  1-Лоттың 4-ші жатақхананың ішінде арақ ішкен мас күйінде бұзақылық ниетпен, яғни, қоғамдық орында, қоғамды анық  құрметтеумен білдіретін бөтеннің мүлкін білдірумен, ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан бұзақылық әрекет жасау  мақсатында, ешбір себепсіз, түнгі уақытта аталған жатақханадағы азаматтардың демалып жатырған шырықтарын бұзып, дауыс көтеріп, дөрекі сөздер айтып, айқалап, 1-Лоттың 4-ші жатақхана ішіндегі барлығы 16 бөлме есіктерін қасақана қолымен және аяқтарымен тепкілеп соғып, сындырып, нәтижесінде жәбірленушіге 67840 теңге материалдық залал келтіріп, оқиға болған жерден бой тасалап қашып кеткен.
Сотта сотталушы К.К, өзіне тағылған айыпты толық мойындап, 26 қаңтар 2014 жылы кешкісін жұмыстан келгеннен кейін жұмыстас жігіттің туған күні болғасын, көп мөлшерде арақ ішкендігін, содан қатты мас болып қалғандықтан, жатақханадағы 16 есікті сындырып қойғандығын, жасаған ісіне өкінетіндігін және кешірім сұрайтынын айтып көрсетті. 
       Анықтама органымен сотталушы К.К-тің қылмыстық әрекеті Қазақстан Республикасының ҚК-нің 257 бабының 1 бөлігімен дұрыс дәрежеленген, бұзақылық жасап, қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзған. Сотталушы К.К.-нің кінәсі  сот талқылауы кезінде өзінің айыбын мойындап берген жауабымен қатар, жәбірленушінің сенімді өкілінің, куәнің жауаптарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен және басқада іс құжаттарымен толық дәлелін тапты.
       Жәбірленушінің өкілі 2014 жылдың 25 ақпандағы басты сот талқылауында жолдаған арызында, сотталушы К.К., келтірген зиянның орнын толтырғандығын, қояр талабының жоқтығын айтып, ол жөнінде қылмыстық істі қысқартуды сұрады.  
       Қазақстан Республикасының ҚК-нің 67 бабының 1 бөлімінің талабына сәйкес,ауыр емес қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.Қазақстан Республиксының  ҚіЖК-нің  38 бабының 1 бөлігінің талабына сәйкес,сот жәбірленушінің сотталушымен ымыраласуына байланысты, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 67  бабында көзделген жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық іс қысқартылады.
Сот, сотталушы К.К-ны  Қазақстан Республикасының ҚК-нің 257 бабының 1 бөлігімен айыптау жөніндегі қылмыстық істі, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 67 бабының 1 бөлігінің талабына сәйкес, жәбірленушімен татуласуына және келтірілген зиянның есесін толтыруына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.  
Туған күн тойлаймын деп, ащы суға тойған К.К сотталушы орындығында отырып, өзі жасаған ісіне өкініп отыр. Тепсе темір үзетін жігіттердің санасыз әрекет жасағандары қазағымызға кір келтірері сөзсіз.
 
 
Мақат аудандық сотының
жетекші маманы:                                                                                                                          Э.Т.Жұрханова