Көлік жүргізушісі полиция қызметкерлеріне бағынбады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 667 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы Г.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2017 жылдың шілде айында азамат Г. «Toyota Camry» маркалы көлік құралын Атырау қаласы, Уалиханов-Канцев жолдары қиылысында басқарып, полиция қызметкерлерімен тоқтатылған. Полиция қызметкерлерінің көлік құралын басқару құжаттарын сұраған заңды талабына бағынбай, кетіп қалған.

Сот қаулысымен Г. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 667 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі