Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдік азамат елден шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен Өзбекстан Республикасының азаматы Е.Ж.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.                                                                                 

Е.Ж. Өзбекстан Республикасының азаматы бола тұра, осы жылдың жаз мезгілінде Бейнеу пункті арқылы жеке мақсатпен келіп, 3 ай мерзімге дейін уақытша Атырау қаласында тіркеліп, кейін Махамбет ауданының Алмалы ауылына келіп, Б. есімді азаматпен құрылыс жұмыстарын жасауға ауызша келісіп, сонда тұрған.

Сөйтіп, Е.Ж. шетел азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағына кіруі мен болуы Ережесін, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Сот отырысында азамат Е.Ж.-ның әрекеті мойындау жауабымен қатар, іс бойынша жинақталған құжаттармен өз дәлелін тапқан.                                      

Сот қаулысымен Е.Ж. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол Қазақстан Республикасы шегінен әкімшілік жолмен шығарылды.              

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар