Іс құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 449 бабының 2 бөлігімен азаматша Р.Н-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азаматша Р.Н 2016 жылдың маусым айында әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап, қоғамдық және ортақ пайдалану орында, атап айтқанда Атырау қаласы, Балықшы поселкесінде орналасқан «Арасан» саунасының алдында сексуалдық сипаттағы қызмет көрсету мақсатында ұсыныс жасап жүрген жерінен ұсталған.

Сот отырысында азаматша Р.Н. кінәсін мойындамай, хаттамада көрсетілген мән-жайлармен келіспей, өзінің расында сексуалдық сипаттағы қызмет көрсетумен айналысатындығын, алайда өзінің әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада көрсетілгендей қоғамдық және ортақ пайдалану орында сексуалдық сипаттағы қызмет көрсету үшін ұсыныс жасамағандығын, тек өзінің аталған саунаға қызмет жасау үшін шақырту бойынша келгендігін айтып көрсетті.

Сот қаулысымен қозғалған іс бойынша іс жүргізу әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты тоқтатылды.

 

 Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі