Құқықбұзушыға әкімшілік айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабының 5-бөлігімен Ш.О.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ш.О соңғы 1 жыл ішінде қоғамдық орында адамның қадір-қасиетіне, әрі қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретіндей күйде алкогольден масаю күйінде жүргені немесе акоголь ішімдігін ішкені үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін қайтып сондай әрекеттерді жасаған. Яғни 2017 жылдың маусым айында Ганюшкин ауылы Манаев көшесінде, яғни қоғамдық орында, көпшіліктің көзінше адамның қадір-қасиетіне әрі қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретіндей алкогольден масаң күйінде  жүрген.

Сонымен қатар он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмаған екі баласы болғандықтан, ӘҚБтК-нің 50 бабы бойынша әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылмайды. Осыған орай, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылды.

Сот отырысында Ш.О. өз кінәсін мойындап, істеген әрекетіне өкінетіндігін айтты.

Сот қаулысымен Ш.О. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440 бабының 5 бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 34 035 теңге әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі