Құлсарыда жүкті әйелді масаң күйде көлік жүргізгені үшін айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында масаң күйдегі жікті әйелге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, азаматша А.К. 2016 жылдың маусым айында жүкті күйінде «Киа Рио» маркалы көліктіжүргізіп, Құлсары қаласындағы «Қуаныш» дүкенінің жанында полиция қызметкерлерімен тоқтатылған.

Әкімшілік құжаттарды толтыру барысында әйелдің жүкітілік жағдайына қарамастан алкогольден масаю күйінде болғаны анықталды.

Сот қаулысымен А.К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 50-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 424 200 теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі