Құрманғазы аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтың қоғамға қауіптілігін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Шараға Құрманғазы аудан прокуратурасының прокуроры Ф.Аруов, Құрманғазы аудандық Әділет басқармасының басшысы А.Даргужина, Құрманғазы ауданының мемлекеттік кірістер бөлімі басшысы К.Насипов, Ганюшкин ауылдық округі әкімінің кеңесшісі А.Наженов және Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі басшысы А.Муса қатысты.

Шара барысында сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері талқыланып, осы тақырыпта баяндамалар тыңдалды. Дөңгелек үстел қатысушылары баяндамаларды талқылауға белсенді қатысып, ондағы мәселер бойынша өз пікірлерін ортаға салды.

Аудандық соттың судьясы Б.Менситова өз баяндамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кез-келген мемлекет үшін өзекті мәселелердің бірі екендігі, барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқа да шаралар қолданылуда екенін, сонымен қатар, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мақалалар жарияланып, құқықтық насихаттау жұмыстарын күшейту қажет екендігін атап өтті.

Дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай келе аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Г.Тасқынбаева сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты оның алдын алу, оның ішінде, оның себептеріне ықпал жасау қажет екендігін айтты.

Қайнар: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі