Құрманғазы аудандық сотында Пилоттық жобаны талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы  аудандық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға аудандық сот төрағасы Е.Аманғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Б.Жүгінісов, аудан әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Г.Рахметова, аудандық прокуратураның прокуроры Ф.Аруов, аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі Д.Ердешов, Ганюшкин ауылдық округінің кәсіпқой медиаторы Ж.Нұрланұлы, кәсіпқой емес медиатор Ж.Құмарғалиева және аудандық «Серпер» газетінің тілшісі Қ.Ғұмаров  қатысты.

Дөңгелек үстел барысында жоба шеңберінде бала мүдделері, кей санаттағы еңбек даулары, мұрагерлік, көршілер арасында жер учаскесінің шекараларын анықтау, пәтерден шығару, некені бұзу, мүлікті бөлу, қарыз, сақтандыру шарттарына қатысты даулар бойынша медиацияны міндетті түрде жүргізу қамтылғаны, пилоттық жобаның жекелеген санаттағы дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылатыны, медиация өткізу тәртібі, жобаның артықшылығы мен ерекшелігі туралы түсінік берілді.

Шара соңында семинарға қатысушылар пилоттық жобаны іске асыруға бағытталған ұсыныстарды талқылап, жобаны енгізу тәжірибесі бойынша белсенді диалог жүргізді.

Қайнар: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі