Құрманғазы аудандық сотының төрағасы брифинг өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.

Аталған шараға сот төрағасы Е.К.Аманғалиев, сот қызметкерлері мен Құрманғазы аудандық қоғамдық-саяси «Серпер» газетінің тілшісі Т.Утемуратова  қатысты.

Сот төрағасы Е.К.Амангалиев өз баяндамасында статистикалық деректерге тоқталып, 2017 жылдың 6 айында Құрманғазы аудандық сотымен барлығы  76 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде үкім шығарумен 37 іс, жәбірленушімен татуласуына байланысты қысқартып қаулы шығарумен 34 іс, оның ішінде медиация тәртібімен 32 іс аяқталғанын, сонымен қатар, сотпен 311 азаматтық іс және 572 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралғанын баяндады. Қаралған істердің ішінде  29 азаматтық іс татуластыру рәсімдерін қолданып аяқталды, оның ішінде медиация тәртібімен 19 іс, партисипативтік тәртіппен 2 іс, 4 іс бітімгершілік келісім бекітілуімен аяқталды.

Жиын барысында сот төрағасы аудандық соттың 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстары, сот жүйесіндегі соңғы жаңалықтар, Елбасының 100 нақты қадам «Ұлт Жоспары» аясында атқарылған шаралар туралы айтып өтті.

Сонымен бірге, сот процестерін дыбыс-, бейнетіркеу жүйесімен жарақтандыру, сот ісін жүргізудегі заманауи технологияларды қолдану бойынша статистикалық мәліметтері, сот ісін жүргізу процесін жеделдетуге және істерді сапалы әрі уақытылы қарауға мүміндік беретін «Сот кабинеті» сервисінің артықшылықтары туралы айтылды.

Шара соңында сот төрағасы Е.К.Аманғалиев жергілікті баспасөз құралдары өкілдерінің  сауалдарына заң тұрғысынан жауап берді.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі