Құрметті Атыраулықтар!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сіздерді шын жүректен табиғаттың оянып, жасарып, жаңғыруымен байланысты болатын шұғылалы көктемнің Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Бұл күндері өткен реніштер,  руаралық араздық пен қанды соғыстар, даулар, кешіріліп, реттеліп, тоқтатылатын болған.

Бүгін де Наурыз жаңа мәнге ие. Ол діні мен ұлтына қарамастан Қазақстандағы барлық халықтардың басын біріктіретін ортақ мерекеге айналды. Оның дәстүрдің жаңаруы мен адамдар арасындағы достықтың нығая түсудегі рөлі орасан.

Біздің елде әр отбасында Наурызды үлкен қуанышпен атап өтеді. Бұл үшін бізде негізде бар, өйтені жыл сайын экономикалық өсім қарқыны жоғарылап, өмір сүрудің сапасы артып, болашаққа жаңа ғаламат жоспарлар қойылуда. Отандық сот жүйесіде үлкен жетістіктер кемде емес.

Бұл жарқын мерекеде ақ ниетпен көктемдік көңіл-күй, мықты денсаулық, береке, бақыт және молшылық тілеймін!

Құрметпен,

 Атырау облыстық сотының төрағасы                              Марғұлан Бектұрғанов