Құрметті оқырмандар!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сіздерді еліміздің айшықты мерекесі – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Астана – сәні мен салтанаты жарасқан ғажайып қала ғана емес, қазақ халқының сан ғасырлық армандарының ақиқатқа айналуының дәлелі болған, келешегі кемел елдігіміздің айғағы.

Астана – кемеңгер Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл ойлары мен қажырлы еңбегінің жемісі. Бүгінде Астана – Мәңгілік ел болу жолындағы көпұлтты халқымыздың мерейі мен мәртебесі, абыройы мен айбары болды.

Республикамыздың Астанасын, шын мәнінде де, Қазақстанның ең басты инновациясы деуге болады. Өйткені Астана көптеген ұшқыр жобаларды жүзеге асыруда үлгі-өнеге болып келеді.

Бұл айтулы мерекеге орай, баршаларыңызға зор денсаулық, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш тілеймін.

Құрметпен,

Атырау облыстық сотының төрағасы                Марғұлан Бектұрғанов