Қызылқоға аудандық сотымен 18 жасар күдікті қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылқоға аудандық сотында Мұқыр селосының тұрғыны күдікті С.-ға бұлтартпау шарасы ретінде 2 ай мерзімге күзетпен ұстауды санциялау туралы өтініш қаралды.

Сотқа ұсынылған қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Мұқыр селосының 3 қазақ ауылының шетінде орналасқан «Құс» фабрикасы ғимаратының қасында 1999 – 2000 жылдары туған бір топ жас жігіттер бір - бірімен төбелескен. Сол кезде топ балалар ішінен С. бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында алдында тұрған жәбірленуші жасы кәмелетке толмаған М.-ның бірнеше жеріне пышақ сұғып,  оқиға болған жерден бой тасалаған.

Күдікті С.-ның іс әрекеті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106 бабының 2 бөлігінің 7)  тармағымен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сараланған.

Тергеу судьясының қаулысымен күдікті С.- ға бұлтартпау шарасы ретінде 2 ай мерзімге «күзетпен ұстауға» санкция берілді.

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі