Қызылқоға аудандық сотында 22 қыркүйек – Қазақстан Халқы тілдері күніне орай дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылқоға аудандық сотында  22 қыркүйек – Қазақастан халқы тілдері күніне орай және Қызылқоға аудандық сотының 2016 жылдың екінші жартыжылдығына арналған мемлекеттік тілді дамыту мен қолданудың іс-шаралар жоспарын орындауда және сот жүйесінде мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыруда игі жұмыстардың жүзеге асырылып жатқанын насихаттауда. Сондай-ақ, аудан көлемінде мемлекеттік тілімізді ұлықтау, құрмет көрсету төңірегіндегі шаралардың іске асырылуы бойынша аудандағы мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдар арасында «Мемлекеттік тілді құрметтеу – баршаға міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға Қызылқоға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «жастар» қоғамдық бірлестігі,  аудандық білім бөлімі  және сот қызметкерлері қатынасты.

Қызылқоға аудандық сотының судьясы А.Сырғабаева дөңгелек үстелді ашып, сот жүйесінде мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыруда игі жұмыстардың жүзеге асырылып жатқанын насихаттай келіп, қазіргі қоғамда жүргізіліп жатқан тіл саясаты мәселелері мен жаңашылдықтарға кеңінен тоқталып, осы бағытта шараға қатысушылардың ой-пікірлерімен бөлісті.

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі