Қызылқоға аудандық сотында ашык есік күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында соттың ашықтығы мен қолжетімділігін насихаттау, халықтың сотқа деген сенімін нығайту, аудан тұрғындарына құқықтық көмек көрсету және сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарының алдын алу мақсатында ашық есік күні өткізіліп, сот төрағасы А.Дюсебалиев өндірістегі істерден тыс келген село тұрғындарын қабылдап, көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді.

Ашық есік күнінің өткізілетіні алдын-ала село тұрғындарына хабарлау  үшін «Қызылқоға» газетінде хабарландыру жарық көрді және Атырау облыстық сотының сайтында жарияланып, сайт тұтынушыларының назарына берілді.

Ашық есік күніне келушілердің сауалдары тұрғын үй құжаттарын заңдастыру, несие келісім шарттары және борышкерлердің алимент төлеуден жалтаруы  төңірегінде болды.

Сондай-ақ ашық есік күніне келушілерге сот кеңсесінде азаматтарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуге барлық жағдай жасалғанын, арнайы күту залында талап-арыз үлгілері, мемлекеттік баж ставкалары, «Сот кабинетімен» жұмыс жасау тәртібі, тағы басқа мәліметтер орналастырылғанын, оларды сотқа жүгіну барысында пайдалануға толық мүмкіндіктері бар екені назарларына жеткізілді.

Сот жүйесінің  осылайша ашықтығы, қарапайым адамдарға қолжетімді болуы күнделікті күн тәртібінен түспейтін мәселе болып қала бермек.

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі