Қызылқоға аудандық сотында ашык есік күні өткізіледі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотының төрағасы А.Досмағамбетова соттың ашықтығы мен қолжетімділігі қағидасын жүзеге асыру шеңберінде, аудан тұрғындарына құқықтық көмек көрсету және сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарының алдын алу мақсатында 2017 жылдың 26 сәуірінде сағат 09:00-12:30 аралығында азаматтарға жеке қабылдау өткізіп, ашық есік күнін өткізеді.

Ашық есік күні сот ғимаратында азаматтарды кабылдау бөлмесінде жүзеге асырылады.

Ашық есік күніне келушілер алдын-ала 2-17-89, 2-14-40 телефондары арқылы тіркелуге болады немесе сол күні тіркеусіз қатыса алады.

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі