Қызылқоға аудандық сотында дауларды сотқа дейін медиация тәртібімен реттеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу жұмыстарын түсінідіру  мақсатында «Пилоттық жоба - дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді көздейді» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға аудан көлеміндегі кәсіби емес медиаторлар және осы жұмысты жүзеге асыруға жауапты қызметкерлер, жергілікті атқарушы орган өкілдері, мемлекеттік мекеме өкілдері және жергілікті БАҚ өкілдері қатынасты.

Дөңгелек үстелді Қызылқоға аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы А.Сырғабаева жүргізіп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасының өкімімен бекітлген «Даулардың  жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу жөнінде пилоттық жобаны іске асыру туралы» 2017 жылдың 26 қаңтарындағы Ережесінің талаптарын және дауларды сотқа дейін медиация тәртібімен  шешудің басымдықтарын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Сондай-ақ,шарада жобаның негізгі мақсаты мен міндеті - татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды реттеу мүдделілігін анықтау болып табылатындығы, аталған  пилоттық жобада еңбек, мұрагерлік, сақтандыру, баланың мүдделерімен байланысты істер,  некені бұзу және мүлікті бөлу, пәтерден шығару, қарыз келісім шарты бойынша және көршілер арасындағы дауларға қатысты істер қамтылғандығы атап көрсетілді.

Сонымен қатар, жаңа пилоттық жоба - медиация жұмысын жандандыруға жаңаша серпін беретінін  айта келіп, барлық қатысушыларды осы жобаның іске асырылуына қолдау көрсетуге шақырып, жобаны насихаттауды одан әрі жандандыруда ақпараттық жұмыстардың күшейтілетінін мәлімдеді.

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі