Қызылқоға аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисінің ақпараттық имиджін қолдау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисінің ақпараттық имиджін қолдау және «Сот кабинеті» сервисі ұсынатын электрондық қызметтерді түсіндіру мақсатында аудандағы құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелер өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Шарада аудандық соттың БАҚ-пен байланысты үйлестіруші судьясы А.Сырғабаева «Сот кабинеті» сервисінің маңыздылығы мен тиімділігі жөнінде айтып өтті.

Кеңсе меңгерушісі Р.Бауыржанұы «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервис-бұл сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатынын атап өтіп, оның артықшылықтарына тоқталды.

Шара соңында қатысушыларға «Сот кабинеті» сервисі арқылы сотқа жүгінудің тәртібі түсіндіріліп, барлық туындаған сұрақтарға жауаптар берілді.

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі