Қызылқоға аудандық сотының ұжымы Ұлы Жеңістің – 71 жылдығын атап өтуде тыл ардагерімен кездесіп, құрмет көрсетті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылқоға аудандық сотының ұжымы, Ұлы Отан Соғысының 71 жылдығын мерекелеудегі іс-шараларын ұйымдастырып, тылда ерен еңбегімен, темірдей төзіммен жеңіс күнін жақындатқан тыл ардагері, 1926 жылы туылған Шапихов Хайролланың  отбасына барып, сый-құрмет көрсетті.

Мереке қарсаңында құттықтай барған аудандық сот төрағасы Айдарбек Дюсебалиев пен сот мамандарына майдан даласындағы өмір қаншалықты қиын болса, тылдағы тіршіліктің азабы одан кем болмағанын Хайролла ата тебіреніспен жеткізді.

Сот қызметкерлері қарияның отбасына береке, әлі де ұрпақ қызығына бөленер ұзақ ғұмыр тілей отырып, жеңіс күнімен құттықтау адресатын және естелік сыйлықтар табыс етіп, фотосуретке түсті.                                                       

Тоқсан жасқа келген ардагер, құрмет көрсете келген сот қызметкерлерінің тілегін зейін қойып тыңдап, келген қонақтарға ақ батасын берді.

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі