Махамбет аудандық сотында дауды медиация тәртібімен реттеудің жаңашылдығы түсіндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында дауларды сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым өкілдері, бас маман-аудандық әкімдік заңгері М.Тасмағамбетова, ауылдық округ заңгері Д.Мұхтаров, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы С.Қожрақов, «Еуразиялық банк» АҚ заң бөлімінің бас маманы Т.Исмагулов, «Қазақтелеком» АҚ-ның директоры М.Ожаев, жер қатынастары бөлімінің басшысы Г.Мурзагалиев, кәсіби емес медиатор М.Ещанов қатысты.

Төрағалық етуші судья А.Ергазиева жобаның артықшылығы мен ерекшелігін атап өтті. Жетекші маман Г.Сағыноваға өз баяндамасында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның мақсаты мен қатысушыларына, міндетті түрде медиация рәсімдері жүргізілетін даулар санатына тоқталды.

Шара даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны талқылаумен аяқталды.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі