Махамбет аудандық сотында оқу семинары өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңын талқылауға арналған семинар сабағы өтті.

Төрағалық етуші аталған Заңда, оның ішінде қолданыстағы Азаматтық кодексіне, Жер кодексіне, Экологиялық кодекске, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық кодексіне, Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға жеке-жеке тоқталып өтті.

Шара соңында Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша пікір алмасулар жүргізілді.

Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар