Махамбет аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисі қызметін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Дөңгелек үстелге соттың судьялары мен мамандары, аудандық прокуратураның аға көмекшісі А.Буденова, аудандық әділет басқармасының өкілі М.Искужина, аудандық ішкі істер бөлімінің инспекторы Г.Сапыгалиев, аудандық аумақтық сот орындаушылар учаскесінің өкілі Ж.Хамзиева қатысты.

Аудандық соттың бас маман сот мәжілісінің хатшысы А.Тұрдағалиева тақырып бойынша баяндама оқып, «Сот кабинеті» бұл Қазақстан Республикасы сот органдары қызметіне бір терезе жүйесімен қол жеткізудің онлайн түрі екендігін, сонымен қатар аталған сервистің артықшылықтарына тоқталып өтті.

Шара барысында қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, төрағалық етуші баяндалған мәселе бойынша аудандық мекеме өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Дөңгелек үстел соңында төрағалық етуші қатысушыларға өз алғысын білдірді.

Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі