Мақат аудандық сотында 2017 жылдың 5 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Мақат аудандық сотында 2017 жылдың 5 айында  атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Шараға аудандық соттың төрағасы М.Искаков, кеңсе меңгерушісі С.Сагинова және «Мақат тынысы» газетінің тілшісі Л.Нурбаева қатысты.

Сот төрағасы М.Искаков өзінің баяндамасында тілшіге аталған кезеңде сотпен атқарылған жұмыстардың статистикасын мәлімдеді. 2017 жылдың бес айында  аудандық сотпен 41 адамға қатысты 36 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде үкім шығару арқылы 14 адамға қатысты 13 іс қаралған, 16 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталған. Бейне жазба кұралдарын қолдану арқылы 36 қылмыстық іс қаралды.

Халықаралық конвенцияға сілтеме жасап 33 қылмыстық іс, оның ішінде халықаралық пактіге сілтеме жасап 33 қылмыстық іс қаралды.

Аталған есеп мерзімінде 318 тұлғаға қатысты 318 әкімшілік  іс қаралған, бейне жазба кұралдарымен қолдану арқылы 318 әкімшілік іс қаралды.

Халықаралық пактіге сілтеме жасап 197 әкімшілік іс қаралды.

Сондай-ақ, 2017 жылдың 5 айында 152 азаматтық іс қаралды, оның ішінде 65 шешім, 53 сот бұйрығы шығарылған, медиация заңнамасы арқылы 26 азаматтық іс, 1 іс бітімгершілік келісімімен аяқталған, партисипативтік келісімімен 1 азаматтық іс аяқталған, бейне жазба кұралдарымен қолдану арқылы 75 азаматтық іс қаралды.

Халықаралық пактіге сілтеме жасап 55 азаматтық іс қаралды.

5 айдың есеп беру аралығында Мақат аудандық сотымен бұқаралық ақпарат құралдарында 38 мақала, сайтта 65 материал жарияланды, 5 баспасөз конференциясы, 2 брифинг, 10 дөңгелек үстел, 42 семинарлық сабақ өткізілген.

Шара соңында сот төрағасы сот жүйесінің деңгейін одан әрі алға ілгерілету мен сот жүйесінің беделі және халықтың сотқа деген сенімін жоғарылату мақсатында атқарылар істің көптігін атап өтті. 

Брифингті қорытындылай келе, сот төрағасы М.Искаков БАҚ өкілінің сұрақтарына жауап берді.

Қайнар: 
Атырау облысы Мақат аудандық сотының баспасөз қызметі