Мақат аудандық сотында әйелдердiң саяси құқықтарын жүзеге асыру шаралары жөнiнде пікір алмасу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Мақат аудандық сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің, аудандық әділет басқармасы қызметкерлерінің  қатысуларымен «Гендерлік теңдік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел басында судья Б.Измагамбетова еліміздегі гендерлік саясаттың мағынасын қазіргі этаппен белгілеп, зайырлы дамудың ең маңызды демократиялық құрамына айналған гендерлік саясат жөнінде баяндама жасады.

« Алғашқылардың бірі болып гендерлік теңдік пен әділеттіліктің идеясын білдірген Біріккен Ұлттар Ұйымы. Қазақстан Республикасында соңғы екі он жылдықта өзіне халықаралық уағдаластықтың міндеттерін алды, көптеген заңдарды қабылдап және мемлекеттік шараларды әзірледі, сонымен әйелдердің мемлекеттік қызметке көптеп араласуына ықпалын тигізді» - деп атап өтті  судья.

Дөңгелек үстелге қатысушылар соңғы жылдары әйелдердің еліміздің қоғамдық және саяси шараларға белсенді қатысатыны жөнінде ортақ пікірлерін білдірді. Қазіргі таңда көптеген елдерде билікке, басқару мен бизнес құрылымдарына әйелдерді ықпалдастыруға жұмыстар жүргізіліп отырғандығы айтылды.

Іс-шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар тарапынан әйелдердiң саяси құқықтарын жүзеге асыру шаралары жөнiнде көптеген сұрақтар қойылып, қатысушылар өзара пікір алмасты.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Мақат аудандық сотының баспасөз қызметі